Date of publication: 24.04.2023 15:09
Date of changing: 24.04.2023 15:14

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 16 наурыздағы Заңының 70-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес, оған сәйкес Үкіметтің тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін бекіту жөніндегі құзыреті бұйрық деңгейіне түсіріледі.

Жобаны әзірлеу енгізілген өзгерістерді ескере отырып, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні Заң нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүргізілді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Іске асырудың мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналасқан.

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 27 сәуір.