Date of publication: 11.12.2014 17:52
Date of changing: 14.01.2015 09:52

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақтар неге ЖЖМ-мен вагондарды неге өткізді?» атты, авторы Куреневаның мақаласына қатысты мынаны хабарлайды.

А.ж. сәуір – мамыр айларында қазақстан-қырғыз шекарасында кедендік бақылау шеңберінде мұнай өнімдері (бұдан әрі – ЖЖМ) тиелген 447 вагон-цистерналарды  ұстаған болатын.

Жоғарыда аталған ЖЖМ өткізгенде Кеден одағының (бұдан әрі – КО) кедендік заңнамасын бұзушылықтарға жол берілді, ол оның ішінде Қазақстан Республикасы сот органдарының заңды күшіне енген сот шешімдерімен расталған.

ЖЖМ иелерінің, декларанттардың атына бірнеше рет және дер кезінде: ұстап қалудың себептері туралы түсініктемелер, сондай-ақ КО кедендік аумағы ішінде пайдалану үшін, заңнамамен белгіленген тәртіпте, КО шегінен шығармай ЖЖМ алу қажеттілігі туралы; Қырғыз Республикасына ЖЖМ шығару туралы мәселелерді қарастыру мақсатында жіберілген бұзушылықтарды жою қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберген болатын.

Қазір, нақты кедендік декларациялар бойынша бұзушылықтарды жоюға байланысты, онда мәлімделген 41 вагон-цистерналар ғана Қырғыз Республикасына өткізілді.

Қалған ЖЖМ бойынша осыған тәріздес жұмыс ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, мақалада келтірілген ЖЖМ ұстап қалудың себептері туралы болжам шындыққа жанаспайды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі