Date of publication: 28.04.2023 19:30
Date of changing: 28.04.2023 19:32

       2023 жылғы 1 тоқсанда Шоғырландырылған бюджет (Мемлекеттік бюджет+Ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд. теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:

     - Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд. теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд. теңгеге өсті.

     - Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд. теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд. теңгеге өсті.

     - Ұлттық қорға 1 197,1 млрд. теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд. теңгеге өсті.

      2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.

     Түсімдердің өсуіне келесі факторлар әсер етті.

     2023 жылы 1 тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.

     Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).

     Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн.тенгеге немесе 27,7% өсті.