ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН
Бірінші Президент мұражайына баратын азаматтар мен Астана қонақтарының Комитеттің Кинологиялық қызметінің тарихын оның жұмысын таныстырумен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің бірі ретінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында, Тұңғыш Президенті күні және ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының құрылғанына 15-жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетнің Кинологиялық орталығымен халықаралық жарыстарда жеңіп алынған кубоктар, медальдарды, кинология бойынша естелік кәдесыйларды, Комитеттің кинология қызметі жұмысының тарихынан сыр шертетін маңызды оқиғаларының фотосуреттерін Тұңғыш Президенті мұражайына тапсыруының салтанатты рәсімін өткізу жоспарланды .
Сонымен бірге шараның салтанатты бөлімінде құрметті қонақтар ретінде қатысуға ҚР-дағы АҚШ Елшісі, ЕҚЫҰ Елшісі, РҚБ «Генералдар кеңесі», РҚБ «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясының» Төрағалары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры, ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметі, МКҚ, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ІІМ басшылар т.б. шақырылды.
Жоғарыда аталған шараның өту барысында Кинологиялық орталығының қонақтары Орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен танысып, оларға қызметтік иттерді қолдана отырып көрсетілімдер ұсынылатын болады. Шара 2016 жылғы 13 желтоқсан, 11 сағат 00 минутте, Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі 11, Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президентінің мұражайында өтеді.
Егер Сізді осы іс-шара қызықтырса, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арасындағы сындарлы ынтымақтастығы туралы ақпаратты жариялау мақсатында Сізден салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз.
Байланыс тұлғалары:
+7 777 221 07 78 (Рыспек Смаков);
+7 705 263 25 35 (Айслу Куткужинова).
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.
ҚР ҚМ МКК КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ