Date of publication: 05.05.2023 19:11
Date of changing: 05.05.2023 19:13

2023 жылғы 4 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:10 шамасында "Ауежай-Шымкент" кеден бекетінің мамандары Шымкент Стамбул халықаралық авиарейсіне қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Шымкент" шекаралық бақылау бөлімшесінің (авиациялық) Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесе, Шымкент қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің көмегімен Қазақстан Республикасынан заңсыз қымбат металды әкетудің жолы кесілді және осыған қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 кг (бір килограмм төрт жүз отыз төрт грамм). ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны - 41 148 000 теңгені құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес құрамында бағалы металдар мен шикізат тауарларына байланысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелудің және ЕАЭО кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылады.

Осы құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігі бойынша (экономикалық КОНТРАБАНДА, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу) АТК (КУИ) тіркелді.