Date of publication: 11.05.2023 15:19
Date of changing: 11.05.2023 15:20

Соңғы уақытта сыртқы сауда, транзиттік ағындардың өсуінің оң серпіні байқалады және қолданыстағы автомобиль өткізу пункттері шекара арқылы өтетін автокөлік құралдары мен тұлғалардың өсіп келе жатқан ағынына күші жетпейді.

Осыған байланысты, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жобаны іске асыруда.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2023 жылғы қаңтардан бастап Маңғыстау облысында орналасқан «Тәжен» және «Темір баба» өткізу пункттерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Өткізу пункттерін реконструкциялау олардың нақты жабылуынсыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып жүргізіледі. Шекарадан өту қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, келісілген уақытша технология бойынша жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша қолайсыздықтар мен шекарадан өту кезіндегі ықтимал кідірістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Өткізу пункттерін жаңғыртуды аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарлануда. Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары мен қонақтарының шекарадан өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.