Date of publication: 15.05.2023 13:37
Date of changing: 15.05.2023 14:32

     2023 жылдың 27 сәуірінде  Алматы қаласында оңалту және банкроттық саласында ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша Комитет, Департамент, «Банкроттық және оңалту жөніндегі басқарушылардың «Жаңару» ҚБ, «ЖЕТЫСУ» банкроттық рәсімдерінде кәсіби басқарушылардың одағы» ӨҚБ өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

    Комитеттің өкілі М.Сисембаевамен өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша жүргізілудегі жұмыстар бойынша мәлімделді, және ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасасудың негізгі ережелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар «Банкроттық және оңалту жөніндегі басқарушылардың «Жаңару» ҚБ-ның өкілімен әкімшілер мен уәкілетті органның күнделікті тәжірибесінде кездесетін мәселелер аталды.

    Кездесудің нәтижесінде оңалту және банкроттық туралы заңнамасына өзгерістерді енгізу бойынша жазбаша ұсыныстарды Комитетке жіберу шешілді.