
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ҚР Қаржы министрлігі жария ету акциясының аясында мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны ұсыну мерзімі 2016 жылдың 23 желтоқсанында аяқталатынын ескертеді.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды беру мерзімі жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады. Ақшаны және мүлікті жария ету үшін мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны 2016 жылғы 23 желтоқсаннан дейін кешіктірмей ұсыну қажет.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)