Құрметті салық төлеушілер!
ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті сіздерге Астана уақыты бойынша 22.12.2016 күні сағат 22-00-ден бастап 23-00 уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің web-қосымшасының жаңартылуы бойынша жұмыстар орындалатынын мәлімдейді.
Бұл жаңартылуға төмендегі функционалдың жетілдіру жұмыстары енеді:
- ЭШФ журналын XLS форматты файлға экспорттау функционалы;
- ЭШФ көптеп басып шығару функционалы;
- Тіркелу кезінде қол қойылатын жүйені пайдалану жайлы келісімді қарау, сақтау және басып шығару механизмі;
- Қосымша ЭШФ жасау кезінде есеп айырысудың әдісі мен тәсілін таңдау мүмкіндігі;
- Пайдаланушының электрондық пошта адресін өзгерту функционалы;
- Түзетілген ЭШФ жасау кезіндегі контрагентті алмастыру мүмкіндігін беретін механизмі.
Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз!