Date of publication: 22.12.2016 17:08
Date of changing: 22.12.2016 17:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

МКК делегациясы Түркия Республикасына сапармен барды

 

2016 жылдың 21-22 желтоқсанында МКК төрағасының орынбасары Ғ.Әмрин  бастаған ҚР ҚМ МКК делегациясының Түркия Республикасына ресми сапары болып өтті.

22 желтоқсанда Түркия Республикасының кеден және сауда министрлігінің (ТР КжСМ) басшылығымен екіжақты кездесуі өткізілді, оның барысында кеден саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуының бірқатар мәселелері талқыланды.

Тараптар түрік тасымалдаушыларының жеңілдету және жеделдетуге бағытталған, алдын ала ақпараттың маңыздылығын мойындады.

Оқыту мен түрлі салалардағы тәжірибе алмасу саласында ҚР ҚМ МКК мен ТР КжСМ оқу орталықтары арасында жұмысты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының кеден әкімшіліктері арасында Бірлескен кеден комитетін құру туралы Меморандумның, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК мен ТР КжСМ арасында Уәкілетті экономикалық оператор бағдарламаларын өзара мойындау туралы іс-қимыл жоспарының маңыздылығын атап өтті.

ҮЭО саласындағы ЕЭО-ғы соңғы өзгертулер туралы қазақстандық тарап хабардар етті.

Өз кезегінде түрік тарапы кеден ісі мен ҮЭО саласында өз тәжірибесімен бөлісті. Осылайшы, Уәкілетті экономикалық оператор бағдарламаларын өзара тану туралы жұмысты жандандыру маңыздылығын мойындады.

Тараптар жоғарыда аталған құжаттарға мүмкіндігінше тезірек қол қоюға келісті.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)