Date of publication: 19.06.2023 18:45
Date of changing: 19.06.2023 18:46

2023 жылдың 16 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д.М. Малаховтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру перспективалары» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараға ҚР Қаржы министрлігі Аппаратының басшысы Е.Қ. Егемберді, ҚР ҚМ департаментінің директоры Қ.К. Орынханов, ҚР ҚМ МКК департаментінің директоры А.А. Тян, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің, академиялық қоғамдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тян Арман Александрович «мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде судьялар мен отбасы мүшелерінің активтері мен мүлкін декларациялаудың проблемалық аспектілері туралы» баяндама жасады және сыбайлас жемқорлық кірістерін анықтау жалпыға бірдей декларациялауды енгізу міндеттерінің бірі болып табылатынын, сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз бірлескен жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.