Date of publication: 05.07.2023 17:26
Date of changing: 05.07.2023 17:30

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталының жұмысына қатысты келесіні хабарлайды.

ЭШФ ақпараттық жүйесі серверлік жабдықтарындағы техникалық ақаулар жойылды. Жүйеде электрондық құжаттарды рәсімдеу, оның ішінде ЭШФ жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу 2023 жылғы 5 шілдеде сағат 05:00-ден бастап қолжетімді.

2023 жылғы 4 және 5 шілдеде жүйенің тоқтап қалуы кезеңінде «техникалық қателік немесе жоспарлы жұмыстар» себебінен бұрын қағаз түрінде жазылған құжаттарды ақпараттық жүйеге енгізу:

·        ЭШФ – 2023 жылғы 20 шілдені қоса алғанға дейін;

·        тауарларға ілеспе жүкқұжаттар – 2023 жылғы 12 шілдені қоса алғанға дейін қол жетімді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

                       Баспасөз қызметі