
2023 жылғы 08 – 10 тамыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Бақылау департаментінің Кедендік операциялар басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезіндегі УЭО артықшылықтары» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – «Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезіндегі УЭО артықшылықтары» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы - Жандос Еркебуланович Секенов сөз сөйледі.
Қатысушылар - «Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезіндегі УЭО артықшылықтары» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 57 қатысушы біліктілігін арттырды.