Date of publication: 17.08.2023 18:43
Date of changing: 17.08.2023 18:45

      Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарағанды облысы полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларымен көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық берешегін өндіріп алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді.

      Борышкерлердің автокөліктері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталады, олар көше камераларының деректерін талдайды және полицияның жақын маңдағы нарядының планшетіне арнайы хабарламалар жібереді. Бұл көлік салығы бойынша қарыздары бар жүргізушіні тез анықтауға және оған шаралар қолдануға, соның ішінде автокөлікті айыппұл тұрағына қоюға мүмкіндік береді.

      Іс-шаралардың нәтижелері бойынша 50 миллион теңгеге жуық берешек сомасы өндірілді.

      Сіз E-Salyq Azamat мобильді қосымшасының, kgd.gov.kz порталының көмегімен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында салық берешегінің бар-жоғын өзіңіз тексере аласыз.

      Департамент азаматтарды айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу шығындарын болдырмау үшін көлік салығын уақтылы төлеуге шақырады.