Date of publication: 21.08.2023 18:46
Date of changing: 21.08.2023 18:48

2023 жылғы 18 тамызда Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) «Келешек» психологиялық орталығы» ЖШС бірлесіп «Эмоционалдық күйіп қалудың алдын алу» тақырыбына Zoom платформасы арқылы вебинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – эмоционалды күйіп қалу синдромының алдын алу бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру және жанжалдарды тиімді басқару дағдыларын игеру арқылы адамның кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру.

Тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 191 қызметкерлері қатысты.

Вебинарды өткізу бойынша дәріскер - Астана қаласындағы «Келешек» психологиялық орталығы» ЖШС отбасылық психологы, Марховец Варвара Викторовна сөз сөйледі.

Вебинар барысында қатысушылар стресстің себебі және қалай анықтайтынын, стресстің даму кезеңімен, темперамент түрлерімен және мінез-құлық стильдерімен танысты. Эмоцияналды шиеленісті арттыру техникалары және эмоцияналдық күйіп қалудан шығу жолдары қарастырылды.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.