
2023 жылғы 28 тамызынан бастап «Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Келесі өзгерістер енгізілді:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен, мемлекеттік қызметтің атауына өзгерістер енгізілді сол себептен сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілді.
Бизнесті қолдау мақсатында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында есепке алу-бақылау маркаларын өндіру/импорттау үшін дайындауға өтінім беру мүмкіндігін қарастырылды.
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде (Салық кодексі) мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіден өзінің салық міндеттемесін толық көлемде орындауды, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оны қамтамасыз ету тәсілдері мен шараларын қолдануды талап етуге құқылы. Бұл өзгерістер есепке алу-бақылау маркасын алуға өтінішті келісуге бас тарту үшін негіздемені нақтылау мақсатында енгізілді.