
Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бұл мерекені белгілеудегі мақсаттардың бірі – отбасылық қарым-қатынасты нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Отбасы күнін мерекелеу аясында МКК кәсіби шеберлікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін еңбек отбасылық әулеттері туралы материалдармен бөліседі.
Джанадилова Жанымкүл Досовна мемлекеттік кірістер органдарындағы еңбек жолын 1994 жылдың тамыз айында Торғай облысы Державин ауданы бойынша салық инспекциясының кірістерді есепке алу және есептілік бөлімінің басшысы болып бастады. 1998 жылдың желтоқсан айынан бастап Республикалық салық инспекциясына ауыстырылды, ал 2022 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы.
Білікті және кәсіби маман. Салық кодексін және жеке шоттарды жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысқан.
Жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін Жанымкүл Досовна бірнеше рет Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық қызметінің үздігі» марапаттарымен, «ҚР-ның тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Жанымкүл Досовна екі ұл тәрбиелеп өсірді, кенже ұлы Асқар анасының жолын қуып, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында еңбек жолын бастады.
2019 жылдан бастап Асқар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Бизнес-процестерді автоматтандыру департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істейді.
Асқар жұмысқа жауапкершілікпен қарауымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Еңбек жолында ол ҚР ҚМ МКК-нің, Астана қаласы әкімдігі басшылығының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.