
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің сарапшылары бүгін XXX отырыс шеңберінде талқылауды жалғастырды.
ТМД салықшылары кеңесінің отырысы Астанада 2023 жылдың 4 қазанында басталған болатын.
Кезекті отырыстың негізгі тақырыбы "Технологиялық (цифрлық) шешімдерді, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін деректердің үлкен массивін талдау әдістерін пайдалану" және "Кадрлық әлеуетті дамыту"болып табылады.
Бүгінгі талқыланған тақырыптар: - сыртқы саудада электрондық құжат айналымын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - кадрлық әлеуетті дамыту. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қонақтарға бірқатар сервистерді таныстырды: - Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі; - мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық сервистері; - eSalyq Azamat, esalyq Business МКК мобильді қосымшалары, банктердің мобильді қосымшалары; - salyqbot чат-боты; - Байланыс орталығына бейне қоңырауларды қабылдау; - халықпен кері байланыс әдістері; - HR-менеджменттің жаңа тәсілдері және т. б.