Date of publication: 06.10.2023 15:29
Date of changing: 06.10.2023 15:32

         2023 жылғы 6 қазанда Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының үйлестіру кеңесінің кезекті ХХХ отырысы өтті.

         Отырысқа Әзірбайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының делегациялары, ТМД Атқарушы комитетінің, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің өкілдері қатысты. Армения Республикасының делегациясы мен Өзбекстан Республикасы делегациясының басшысы бейнеконференц байланысы арқылы қатысты.

         Отырысты ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ашты.

         «Біздің басты міндетіміз – салық міндеттемесін орындауды оңайлатып, бір батырманы басу  арқылы жасауға мүмкіндік жасау. Біз салық төлеуші үшін есептілікті алдын ала толтырамыз, дұрыстығын растаймыз, ал төлем онлайн режимде жүзеге асырылады. Болашақта біз салық төлеуді одан да оңайлатқымыз келеді. Біз осыны жүзеге асыруға ұмтыламыз»,-деп атап өтті Е.Біржанов баспасөз конференциясы барысында.

          "2024 жылы жаңа модификацияланған ақпараттық жүйелерге көшу, жасанды интеллектті тәуекелдерді басқару жүйесінде пайдалануды кеңейту, ЭШФ жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер бойынша сервистік модельге толығымен көшу жоспарлануда. Осы міндеттерді іске асыру салық салу рәсімін жеңілдетуге, тиісінше міндеттемелерді орындаудың еріктілігін арттыруға, сол арқылы бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді, демек, мемлекеттің әлеуметтік мәселелері шешілетін болады", - деді
Ж. Дүйсембиев.

         ТМД елдерінің салық қызметтері, сондай-ақ кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық біздің саладағы ең үздік озық тәжірибемен алмасу және кәсібилікті арттыру үшін маңызды.

          Отырыста салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту үшін технологиялық (цифрлық) шешімдерді, деректердің үлкен массивін талдау әдістерін пайдалану мәселелері талқыланды.

         Келесі отырысты Қырғыз Республикасында өткізу жоспарлануда.