
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ««Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі- Жоба) әзірледі.
Көрсетілген бұйрықтың жобасын қабылдаудың мақсаты «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға өзгерістер енгізу болып табылады.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Осы бұйрық 2023 жылғы 11 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14747057.