
2023 жылғы 25 қазан Ташкент қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ануар Сүлейменов пен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Салық комитеті төрағасының бірінші орынбасарының Мубина Мирзаевпен кездесуі өтті.
Екі жақ тараптар салық саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын (ақпараттық жүйелерді жаңғырту, тарифтік саясат, салық декларациясы, нормативтік-құқықтық базаны оңайлату) талқылады.
Сондай-ақ кездесу барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарына 2022 жылы жаңартылған деректерді өңдеу орталығының қызметі таныстырылды.
Анықтама:
2009-2011 жылдар аралығында телекоммуникация желілерін жаңғырту жүргізілді. Басқару процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жоспарланып, басталды.
2012-2014 жылдары деректер қорын өңдеу орталығы құрылды. Бірыңғай интеграцияланған ақпараттық база ұйымдастырылып, ведомствоаралық электронды ақпарат алмасуға көшу жүзеге асырылды.
2015-2017 жылдары салық органдарының "Электрондық салық қызметтері" (my.soliq.uz) порталы құрылды. Бейнеконференцбайланыс жүйесі тәжірибеге енгізілді.
2018-2022 жылдары Деректерді өңдеу орталығы жаңғыртылды. Электронды шот-фактураларды шығаруға көшу жүзеге асырылды.
Онлайн-кассалық машиналар енгізілді. Тауарлар мен қызметтердің, цифрлық таңбалардың ұлттық каталогы жасалды. Азаматтарды (салық серіктесі, кэшбэк) салық органдарымен ынтымақтастыққа ынталандыру жүйесі әзірленді және енгізілді.
Ақпараттық және киберқауіпсіздік хаттамалары енгізілуде. Бұлтты есептеулер, Big Data, IoT технологиялары, жасанды интеллект технологиялары енгізілуде.