Date of publication: 02.11.2023 14:07
Date of changing: 02.11.2023 14:10

      2023 жылдың 1 қазанынан 15 қарашасына дейін салық төлеушілер

      2023 жылдың қыркүйек айы және 3 тоқсаны үшін салық есептілігін ұсынуы тиіс. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін тапсыруды кейінге қалдырмай, алдын-ала жіберуге кеңес береді. Төменде көрсетілген салық есептілігінің нысандарын ұсыну мерзімі  2023 жылдың
15 қарашасында аяқталды.

     2023 жылғы қыркүйек айы үшін:

    - 400.00 «Акциз бойынша декларация»  

   - 421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»

     2023 жылғы 2 тоқсан үшін:

    - 101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

   - 101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

   - 200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация»

   - 300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»

   - 570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация»

   - 590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»

   - 710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»

   - 860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»

   - 870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»

   - 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»

    Салық есептілігін бірнеше тәсілдермен ұсынуға болады:

   1) электронды түрде:

     - «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігі нысандары» / «Нысандар журналы» );

    - «СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде;

   - eGov.kz электрондық үкімет порталында.

    2) келу тәртібімен:

    - қағаз түрінде қызметті тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруға міндетті;

     3) пошта арқылы тапсырыс хатпен.