Date of publication: 03.11.2023 16:48
Date of changing: 03.11.2023 16:49

     2 қараша күні Жоғарғы Соттың жалпы отырысында «Соттардың заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы қаралды.

    Нормативтік қаулыны жаңа редакцияда қабылдау қажеттілігі 2020 жылы «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ қолданыстағы құқық қолдану практикасына байланысты туындады.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы Жоғарғы Соттың жұмыс тобына аталған жобаны талқылаудағы кәсібилігі мен жемісті жұмысы үшін, оның барысында Комитеттің көптеген ұсыныстары ескеріліп қабылданғаны үшін алғыс білдірді.

    «Нормативтік қаулыны қабылдау, заң нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жалпы оңалту және банкроттық рәсімдерінің барлық қатысушыларына көмек көрсетеді. Бұл олар үшін күнделікті қолданыстағы құжат болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Комитет төрағасы.