Date of publication: 09.11.2023 18:28
Date of changing: 09.11.2023 18:28

       2023 жылғы 20 наурызда жолаушылар кедендік декларациясын  тапсыру процесін жеңілдету мақсатында «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасында сервис әзірленіп, қолданысқа енгізілді, оның көмегімен жеке тұлғалардың смартфон арқылы жолаушылар кедендік декларациясын орналасқан жеріне қарамастан тапсыру мүмкіндігі пайда болды.

      Бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, халықаралық пошта жөнелтілімдері мен тасымалдаушылар (экспресс-тасымалдаушылар) жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, және ақша қаражаттары мен ақша құралдарына жолаушылар кедендік декларациясын тапсыруға болады.

     Бұл сервис жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін жеделдету және оңайлату есебінен жеке тұлғалардың уақытша және ақшалай шығыстарын қысқартады.

      2023 жылғы 08 қарашадағы жағдай бойынша мобильді қосымша арқылы 2 197 жолаушылар кедендік декларациясы тапсырылды.