Date of publication: 11.11.2023 09:10
Date of changing: 11.11.2023 09:13

Бүгін, 11 қарашада энергия үнемдеу күні атап өтіледі. Ол Халықаралық мәртебеге ие.
2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кездесуінде осы мерекені белгілеу туралы шешім қабылданды және әлем бойынша бірінші рет 2008 жылдың қарашасында
Энергияны үнемдеу күнін атап өтті.
Мерекенің негізгі мақсаты – ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қоғамның назарын аудару. Ресурстарды ұтымды пайдалану және энергияны үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады.
Бұл күні әлемнің көптеген қалаларында тақырыптық конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізілсе, оқу орындарында энергияны үнемдеу тақырыбына арналған сабақтар өтеді.
Халықаралық энергия үнемдеу күнімен!
Бүкіл әлем болып, энергияны бірге үнемдейік.