
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.
2023 жылдың 17 қарашасында құжаттарды өңдеудің кешігуіне байланысты электронды шот - фактуралар немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар қағаз тасығышта ресімделген болса, келесі мерзімде ЭШФ АЖ еңгізу қажет:
- шот-фактураларды 2023 жылдың 5 желтоқсанын қоса алғанда 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
- тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды 2023 жылдың 23 қарашасын қоса алғанда 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде.
Сонымен бірге айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.