
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың жеке тұлғаның барлық шетелдік активтерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін көрсететін «кіріс» декларациясын тапсыруымен байланысты. Олар мынадай:
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т.б.)
- үлестік қатысу шарты (тұрғын үйдегі үлес)
- инвестициялық алтын (құйма алтын)
- зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері
- 34,5 млн теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша
- 31.12.2023 жылға дейін нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен несие шарттары.
- құны 3,4 млн.теңгеден асатын басқа мүлік (міндетті емес) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) – бағалау декларацияны тапсырғанға дейін жүргізілуі тиіс (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
- шетелдік компанияға қатысу үлесі
- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік
- шет ел банкісіндегі 7,3 мың АҚШ долларынан (1000 АЕК) жоғары ақша.