Date of publication: 13.12.2023 16:34
Date of changing: 13.12.2023 16:35

      Декларацияны толтырар алдында, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу қажет:

      тиісті растайтын құжаттарды дайындау;

      нотариустармен несие шарттарын куәландыру;

      қаражатты (10 000 АЕК – 34,5 млн. теңгеден астам) банк шоттарына орналастыру;

       Қазақстандағы активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын мынадай сайттарға кіру арқылы тексеру:

     1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

     2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

     3) зияткерлік меншік объектілері бойынша, авторлық құқық https://gosreestr.kazpatent.kz;

     4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu әрекеттерді орындауды ұсынамыз.

      Дебиторлық/кредиторлық берешектің (несие шарты) болуы үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.