Date of publication: 14.12.2023 18:44
Date of changing: 14.12.2023 18:45

АҢДАТПА!



2023 жылғы 15 желтоқсанда сағат 15:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Жалпыға бірдей декларациялаудың

3-кезеңі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.



Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Гүлден Сейтахметқызы Хасенова сөз сөйлейді.



Модератор - Динара Ергалиева, ҚР ҚМ МКК «Байланыс орталығы» басқармасының бас сарапшысы.



ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.