
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев 12.01.2024 жылы қоғамдық пікір көшбасшыларымен және салық сарапшыларымен Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет саласына қатысты проблемалық мәселелерді қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді.
Олар бойынша әрі қарай шешім қабылдау үшін бизнес-қауымдастық өкілдерінің айтқан өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шара ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында өтті.