Date of publication: 15.02.2017 14:57
Date of changing: 15.02.2017 15:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының базасында 2017 жылғы 06 мен 10 ақпаны аралығындағы кезеңде облыстар бойынша МКД Кинологиялық қызметінің қызметкерлері үшін, «ОҚЫТУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ» бойынша халықаралық тренинг (курс) ұйымдастырылып, өткізілді.

Осы іс-шараға МКД ЭТҚ Кинологиялық қызметтерінің кинологтары мен Кинологиялық орталығының қызметкерлері қатысты.

Тренинг АҚШ ЕКБ ауқымды оқу командасының нұсқаушыларымен Стифен Гризволд, Джеймс Калхаун, Джеймс Фарнсворс мырзалармен,  ҚР-дағы АҚШ есірткімен күрес бойынша федералдық басқарма офисі, АҚШ Елшілігінің заңдылықты сақтау және халықаралық есірткімен күресу бойынша бөлімнің қолдауымен өткізілді.

Оқыту курсының мақсаты – кинолог-мамандарының оқыту дағдыларын дамыту, өздерінің кәсіптік қызметінде жеке дара мүмкіндіктерін іске асыру.

Оқудан өтетін тұлғалардың психологиялық ерекшеліктерін, өзін-өзі ұстауларын ескере отыра, жаттығулар мамандардың дағдыларымен білімдер кәсіптілігін дамытуға бағытталған еді.

Курстың өтуі барысында, оқытудың интерактивті әдістері қолданылды, оқытушылар қызметінің іс-тәжірибелік мәнділігін көз алды жарыққа шығаратын жаттығуларда слайдтар көрсетілді, сөз сөйлеу кезінде жоғарғы психоэмоцианалдық шиеленісті және толқуды жеңу бойынша жұмыстар жүргізілді. Курсқа қатысушылар АҚШ ЕКБ құрылымымен, АҚШ ЕКБ қызметкерлерінің квалификациялық даярлығын арттыру мектебімен  танысты. Нұсқаушылармен оқу үрдісінде жанжал жағдайларды болдырмау және оларды жеңіп шығуға үлкен мән бөлінді.

Қонақтар мен халықаралық тренинг (курсы) қатысушыларына естелік силықтар (Кинологиялық орталық логотипі бар кружкалар) және топтық фото суреттер тапсырылды.

Күннің екінші жартысында, 2017 жылғы 10 ақпанында  сондай-ақ облыстар бойынша МКД ЭТҚ Кинологиялық қызмет басшылары және Кинологиялық орталығының оқытушылары үшін, бізбен иістің тазалығын сақтау мақсатында, «Есірткі құралдарының ұқсатқыштарын қолдану және сақтау ережесі» тақырыбына, оқу реквизиттерін зерттеуші және авторы А.Н.Федорков мырзаны жұмылдырумен курс дәрістері ұйымдастырылып, өткізілді.

Жаңа технологияларды енгізуімен бірге дәрістерге деген көзқараста өзгереді, бұл оқытушының құзыреттілігіне көп көңіл бөлініп,  жұмысына деген қатынасын өзгертуге тура келеді. Жаңа әдістермен техникаларды енгізуі тренинг қатысушыларына кәсіптік сферада креативті дамуға, курстық жаттығуларды жүргізудің әдістемесі орталықтың оқушылардыңа сондай-ақ ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметінің қызметкерлерінің жасырын жеке дара мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік береді.

Маман – кинологтардың құзыреттіліктері әрқашан өзекті болып табылады және шекарасының жалғастығын білмейді, ол әрқашан динамикалық өзгерістер қазіргі қоғамдағы жаңа әдістемелер мен техниканы енгізе отырып бағдарланған. 

Тренинг қортындысы бойынша сәтті өткен қатысушыларға аяқтағаны туралы сертификаттар тапсырылды.

 

 

 ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы