Қымбатты достар, құрметті әріптестер!
Сіздерді 2017 жылдың 22 ақпан күні, сағат 15.00-де «Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының (ҚСҚ) жүргізген мониторинг нәтижелерін талқылау» тақырыбында өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының (ҚСҚ) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының бөлігінде ҚР ҚМ МКК органдарының қызметіне (жергілікті жерлердегі салық, кеден және ЭТҚ) жүргізген мониторинг нәтижелерін талқылау».
Мемлекеттік кірістер комитеті – 2007 жылдан бастап салық бойынша, 2015 жылдан бастап кедендік және экономикалық тергеулер қызметі бойынша үнемі өзінің жұмысында тұтынушылардың зерттеуін пайдаланатын, жалғыз мемлекеттік орган. Кәсіпкерлердің, халықтың және мемлекеттік қызметкерлердің сауалнама нәтижелері негізінде, Қаржы министрлігі стратегиялық даму көрсеткіштерін реттесе, Мемлекеттік кірістер комитеті басқару шешімдерін қабылдайды. Сауалнама Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының өтініші бойынша, тәуелсіз әлеуметтік агенттіктермен конкурстық негізде жүргізіледі.
БАҚ-ты Аккредиттеу мына телефондар: +7 (7172) 70-99-22, 8-701-358-31-97, және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz. электрондық мекен-жайлары бойынша, 21 ақпан сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Өтетін орны: Астана қ. Бейбітшілік көшесі,10 (Абай даңғылы), Мәжіліс залы (1 қабат)