Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінде кадрлық қамтамасыз ету мәселелері тақырыбындағы
баспасөз-релизі
100 нақты қадам - Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» екінші бағытын іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді.
28-қадам. Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.
29-қадам. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін енгізу.
Құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау тәртібін өзгерту жөніндегі нормаларына қатысты Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңын іске асыру мақсатында Комитет мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне қызметке қабылдау мәселелерін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық аткіге өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.