
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 22-ШІ БІРЛЕСКЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ
2017 жылдың наурыз айының 17-ші жұлдызында Гродно қаласында (Беларусь Республикасы) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің 22-ші бірлескен алқа отырысы өтті. Делегацияны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы басқарды. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері бірлескен алқасының жұмыс топтары 2016 жылғы қызмет қорытындыларын шығарды, ортақ тәсілдерді даярлау мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды, атап айтсақ, кедендік операцияларды және кедендік бақылауды оңтайландыру, техникалық реттеу саласындағы кедендік рәсімдерді қолданудың тиімділігі мен біркелкілігі, Кеден қызметтерінің Еуразия экономикалық одағының Кеден саласындағы ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің инфрақұрылымы негізіндегі жалпы процестеріне қосылуы туралы жоспардағы іс-шаралар мен жұмыс барысы жайлы сұрақтар қаралды. Ардақ Мырзабайұлы атап өткендей, қазіргі таңда, Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттер тауарларды шекарадан өткізу үшін бірыңғай транзиттік жүйе мен бірыңғай кепілдік механизмдерді құру аясында, Қазақстанда кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілдікті дамыту және тарату жөнінде нақты жұмыстар жасалып жатыр. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес, кедендік транзитте тауарларды ең қауіпсіз түрде тасымалдауды кепілдендіретін ұйым таңдалды, атап айтсақ, ЖШС «КазТранзитСервис» Ұлттық кепілдік беруші компания». Өз кезегінде, Ардақ Теңгебаев қазақстандық кепілдік беруші ұйымның толық қызметін Қазақстан Республикасында өтетін, 23-ші Бірлескен алқа отырысында көрсетуді ұсынды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)