Date of publication: 31.03.2017 14:43
Date of changing: 31.03.2017 14:46

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Экономикалық тергеулер қызметімен шамамен 20 млн. тенге сомасын құрайтын   ұялы телефондарды заңсыз әкелу

схемасы анықталған.

 

Тұрақты негізде мемлекеттік кірістер органдарымен, шекара арқылы өткізу пунктерінде әсерлі кедендік бақылау жүргізу және контрабанда ұйымдастырушылары мен сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары арқылы Қазақстан Республикасының кедендік аумағына ұялы телефондардың заңсыз әкеліну фактілерінің жолын кесу шеңберінде белсенді жұмыстар атқарылуда.

2016 жылдың 12 айы ішінде, кедендік шекара арқылы  ұялы телефондандардың заңсыз әкеліну фактілері бойынша, мемлекеттік кірістер органдарымен 75 әкімшілік іс және 4 сотқа дейінгі тергеу, 147,5 млн. тенге сомасынан астам 8143 жарияланбаған ұялы телефондар анықталды.

Негізінен, ұялы телефондардың заңсыз әкелінуі, ҚХР-нан шағын партияларымен жүзеге асырылады, бұл қылмыстық іс құрамы болып табылмайды (Тауарлардың құны 5 мың МРП -11 345 000 тенге болатын жағда йда, ҚР ҚК 234 бап (экономикалық контрабанда)).

2016 жылы Экономикалық тергеулер қызметімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижелері бойынша, ҚХР-нан  «ХоргосВосточные ворота» ХШЫО арқылы ұялы телефондарды заңсыз әкелу схемасы анықталғанын атап өткен жөн. Шамамен 20 млн. тенге сомасын құрайтын   ұялы телефондар тәркіленген.

Бұл схема бойынша ұялы телефондар Қазақстан Республикасы территориясына шағын партиялармен жалдамалы жеке тұлғалар арқылы кіргізіліп, сонан соң шекара аймағындағы қоймаларға жинастырылып, кедендік баждар және басқа да салық түрлерін төлемей Алматы қаласының базарлары және дүкендеріне жеткізу қарастырылған болатын.

Ағымдағы жылы мемлекеттік кірістер органдарымен ұзақ уақыт бойы кеден органдарына жалған құжаттар ұсыну арқылы, ұялы телефондарды Қазақстан Республикасына БАЭ-нан импорттап отырған экономикалық контрабанда әшкереленген болатын. Қазақстан Республикасы территориясына заңсыз кіргізілген ұялы телефондардың жалпы құны 1 млрд. теңге шамасын құрады ( сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде).

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)