
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
06.05.2015ж.
Баспасөз релизі
Бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Комитет төрағасының орынбасары Т.Қ. Жанғарашевтің бастауымен Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Ларинді құттықтады.
В.А. Ларин 1924 жылғы 30 мамырда дүниеге келген. Ол 1-ші Украин фронтының 5-әскерінде сапер болып қызмет атқарды. Соғыс кезіндегі бір ұрыста пулеметшілер тобын жойып, жау пулеметін алды және оны командиріне жеткізген, осы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
1943 жылы Полтава түбіндегі ұрыста екі аяғынан ауыр жарақат алып, тұған жері Ақмолаға балтақпен оралды. Бірақта бұл жағдай өз өміріндегі жоспарларын жүзеге асыруға кедергі бола алмады.
Жеңіс күні ол өз отбасымен бірге Ұлы Жеңіс күніне жете алмаған майдандас жолдастарын еске алды.
Ардагердің «Қазақстан» телеарнасына сұхбат беріп жатқан кезі
Виктор Андреевич ауыр соғыс жылдарын еске алуда
Комитет қызметкерлері ардегерге соғыс уақытында көрсеткен ерлігі, Ұлы Жеңіс және аспанымыздағы бейбітшілік үшін алғысын білдіруде
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі