Date of publication: 10.05.2017 11:16
Date of changing: 10.05.2017 11:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 «Simfox» бағдарламалық өнім инструкторларын дайындау»

семинарына

БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ

 

2017 жылы сәуірдің 25-28 аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығында «Simfox» бағдарламалық өнім инструкторларын оқыту» атты тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі аралығындағы ынтымақтастыққа сәйкес «Экспорттық бақылау және шекаралық қауіпсіздік» бағдарламасы арқасында іске асырылды.

Рентген-Телевизиондық Құрылғы (әрі қарай - РТҚ) опраторларына қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын үйрететін «Simfox» бағдарламасы инструкторларын дайындау семинардың басты мақсаты болған.

Оқыту «Renful», Ұлыбритания, компаниясының А.Васпори мен В.Мамедов атты білікті мамандары тарапынан Қазақстан Кеден кеңсесінің шарттарына сәйкес бейімделген  "Simfox" бағдарламалық өнім платформасы арқылы өткізілді.

«Simfox» бағдарламалық өнім РТҚ-ның жұмысын имитациялайтын, шынайы мысалдар келтіретін бірегей мүмкіндіктері бар, операторларды  оқыту және тестілеу үшін әлемдегі жетекші симулятор болып табылады.

Семинарда ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының 6 оқытушысы қатысып, сәйкес сертификаттар алды. Қатысушыларды  сертификиттармен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің «Экспорттық бақылау және шекаралар қауіпсіздігі» бағдарламасының кеңесшісі Эндрю Чилкоут мырза марапаттады.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)