
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстанның мұнай астанасы АТЫРАУДА 26 мамыр күні
«Салық саясаты және әкімшіліктендіру: жаңа тәсілдер» атты конференция өтеді
Конференция тақырыбы салық төлеушілер арасында және жалпы қоғамда туындайтын ең маңызды тұжырымдамалық мәселелерді қамтиды. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы министрліктері, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, энергетика, мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, жетекші аудиторлық, заң және кеңес беру компанияларының өкілдері, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен басқа салық төлеушілер қатысады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі қабылдануы 2017 жылға жоспарланған жаңа Салық кодексін дайындау жұмыстарын жүргізуде.
Салық жүйесін реформалаудың басты міндеті жаңа кен орындарын игеру бойынша инвестициялық қызметті көтеру есебінен ұзақ мерзімді перспективада кірістер тұрақтылығын сақтау мен табыстарды ұлғайту болып табылады.
Салық заңнамасын реформалаудың негізгі бағыттары:
- қосылған құн салығын алу механизмін жетілдіру;
- қолданыстағы арнайы салық режимін реформалау;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру;
- тиімді емес жеңілдіктерді, соның ішінде ДСҰ қарама-қайшы келетін салық жеңілдіктерін алып тастау;
- салықты әкімшіліктендіруді жетілдіру болып табылады.
Барлығы 600 адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Конференция жұмысына қатысу ТЕГІН.
Конференцияға қатысу үшін 24.05.2017 жылға дейін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ http://ank.kz/events/conf/64565/ мекенжайы бойынша Ассоциация сайтына тіркелу керек.
Ұйымдастырушылары: Қазақстан салық төлеушілері Ассоциациясы мен Салық және кеден кеңесшілерінің Ұлттық Ассоциациясымен бірге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Конференция аясында ҚР ҚМ МКК өкілдерінің, ЭШФ АЖ мен бақылау-кассалық машиналар жасайтын компаниялар, жетекші консалтинг компаниялар өкілдерінің және т.б. қатысуымен конференция мәселелері бойынша кеңес стенді (қызметтер көрмесі) ұйымдастырылатын болады. Кеңесшілер көмегімен конференция қатысушылары:
- ЭШФ АЖ-мен жұмыс істеу үшін кілттер ала алады;
- жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша кеңес ала алады;
- ЭШФ АЖ жұмысының ережелерімен танысып, электрондық шот-фактуралар жазуға және жіберуге үйрене алады.
Шара өткізілетін мерзім: 2017 жылдың 26 мамыры.
Басталу уақыты: 08:30 сағат
Өткізілетін орны: Атырау қ., «Sultan Palace Hotel» қонақүйі, Абылқайыр Хан даңғылы, 70.
Келесі тел. бойынша анықтамалар алуға болады:
тіркелу мәселелері бойынша – 8 7273341832
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)