
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 14 мамырында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» стратегия шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары дәрежедегі форумы өтті. Бұл стратегия 2013 жылы президент Си Цзиньпинпен бастамашылық жасалып, инфраструктураны құруға және Жібек Жолы экономикалық белдеуінде орналасқан мемлекеттер арасындағы өзара байланысты реттеуге, және де шығыстан батысқа тікелей жіберуге арналған сауда дәлізін құруға бағытталған. Форумға 29 мемлекеттің және 3 халықаралық ұйымның (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, ХВҚ) басшылары ат салысты.
Форумның мақсаты өзара байланыстың бағыттарын талқылауға және ынтымақтастықтың нәтижелерімен бөлісуге арналған платформа құруға бағытталды. Форумның негізгі мәселелері: инфраструктуралық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика және ресурстар, қаржылай қолдау және қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Форумға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен ҚР ҚМ МКК төрағасы - Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы қатысты .
ҚР ҚМ МКК Төрағасы Бейжіңге сапары барысында кеден және салық қызметтерінің басшыларымен кездесіп, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Өткізілген кездесулер нәтижесінде жақын арада ҚР ҚМ МКК және ҚХР БКБ арасындағы «Сенім» жобасы шеңберінде ақпарат алмасудың техникалық сипаттамасына қол қойылды. Бұл жақын арада СЭҚ адал қатысушыларына арналған «Сенім» жобасын жүзеге асыруға септігін тигізбек.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)