Date of publication: 29.05.2017 18:31
Date of changing: 29.05.2017 18:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің 4 қызметкері (Есембаев А.Т., Жұма Е.Е., Таңатаров Т.Т., Мұстафин Қ.А.) 2017 жылғы 28 мамырда Астана қаласында өткен «BI Марафон» атты жыл сайынғы халықаралық спорттық жарысқа қатысты.

 «Bi Group» компаниясы ұйымдастырған «BI Марафон» қайырымдылық мақсатты көздейді. Марафоннан түскен барлық ақшалай қаражаттар «BI-Жулдызай» қайырымдылық фондына ДЦП диагнозымен ауыратын балаларға арналған медициналық оңалту құрылғыларын сатып алуға жұмсалатын болады.

Аталған жалпы-мәдениеттік іс-шара жеке құрам арасында салауатты өмір салтын ұстануға және талантты жас спортшыларды қолдауға, әрбір азаматтың аз қамтылған халық пен қоршаған орта алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға, сонымен қатар республикалық маңызға ие қайырымдылық жобалардың қолдауға бірден бір әсер етеді.

Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамы алдағы уақытта да осындай жалпы спорттық іс-шараларға белсенді қатысатын болады. Халықта «Денесі саудың – рухы сау» деген бар.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)