
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының ашық есік күні
Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуде және Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығында 2016-2017 жылдары, Алматы қаласы колледж оқушыларының және жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен "Ашық есік күндері" өткізілді.
Кинологиялық орталығының қызметкерлерімен Орталықтың құрылу және қалыптасу кезеңдері айтылып түсіндірілді, негізгі құрылымдық бөлімшелердің қызметін, Орталықтың әкімшілік ғимаратында және тәлімбақта аумағында экскурссия жүргізілді, жүргізе отырып қызметтік-іздестіру иттермен жалпы үйрету курсы бойынша аланда іс-тәжрибиелік оқу машықтандыру жаттығулары кқрсетілді.
Сонымен қатар, оқу бөлімінің мұғалімдері және кинолог-мамандар қызметтік-іздестіру иттерін қолдана, есірткі құралдарын іздеу бойынша оқу жаттығуларын автокөлік, авиакөлік құралдары, темір жол вагон және т. б. оқу аландарында көрсетті.
Тәжірибелік сабақтар соңында нашақорлыққа қарсы күрес және алдын-алу тақырыбы бойынша оқу фильмдерін көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қонақтарды қарсы алып, оларды алып жүріп және шығарып салған кезекшілік қызмет бөлімінің қызметкерлері, тәлімбақтағы қызметтік-іздестіру иттерін көрсеткен кезде олардың қауіпсіздігін дұрыс және тиімді қамтамасыз етті. "Ашық есік күнін" өткізу кезінде Кинологиялық орталығында оқиға немесе төтенше жағдайлар болған жоқ.
Барлық студенттер жақсы әсерлерімен бөлісіп, көрген алғыстарын білдіріп қызметкерлерге көрсетілген кеңпейілділігі үшін, ризашылығын білдірді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)