Date of publication: 01.06.2017 17:26
Date of changing: 01.06.2017 17:31

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қаржы пирамидаларына қарсы тұру сұрақтары бойынша Алматы облысының бизнес қауымдастықтары, мемлекеттік қызметкерлері және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кездесу барысында Алматы облысы МКД Экономикалық тергеу қызметі қаржы қылмыстары саласындағы қылмыстарды тергеу басқармасы басшысы Е.А. Бекмурзин және бөлім бастығы Б.А. Жузенов қаржы пирамидалар қылмыстарын алдын алу бойынша жұмыстар нәтижесімен таныстырды.

Дөңгелек үстел барысында мамандар қаржы пирамидаларына тән құбылыспен бөлісті:

- Ол біріншіден кепіл берілген үлкен көлемдегі кіріс;

-         Қандай жағдай болсада кіріс болатындығы;

-         Жобаға жаңадан қатысушыларды тарту арқылы содан кіріс көзін табу;

-         Ұйым ішінде, қызметте карьералық тез өсу сияқты факторларды алға тарта азаматтарды қаржы пирамидаларына тартады – дейді Бекмурзин Е.А. 

 Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар Алматы облысында кешенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы келісті. Отырыс нәтижесі бойынша қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы туруға бағытталған іс-шаралары бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)