Date of publication: 02.06.2017 12:51
Date of changing: 02.06.2017 12:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Информбюро» Ақпараттық агенттігінің 2017 жылғы 28 сәуіріндегі «Куда уходит гавань: как статус казахстанского Байконура подгоняют под российскую юрисдикцию» мақаласына пікірі

    Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесi туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1 бабына сәйкес Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады.

     «Байқоңыр» кешенi жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қатынасында Байқоңыр қаласына объектiлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қауiпсiздiк қызмет етуiне, сондай-ақ азаматтардың тұру жағдайында айрықша тәртiптi Ресей Федерациясының федеральдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берiледi.

     Келісімнің 10 бабының 2 тармағына сәйкес «Байқоңыр» кешенi жалға алынған кезеңде Байқоңыр қаласында тiркелген Қазақстан Республикасының заңды және заңды тұлға құрмай-ақ, кәсiпкерлiкпен айналысып жүрген жеке тұлғалары Байқоңыр қаласының әкімшілігінде Ресей Федерациясының заңды және кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғасы ретiнде де тiркеледi. Соның өзiнде оларда Қазақстан Республикасының тиiстi меншiк иелерiнiң мүлiктiк құқықтары сақталады.

         Заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, төлемдер, алымдар, баж салықтары қала бюджетiне жiберiледi.

        Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама (бұдан әрі - Хаттама) ҚР 2016 жылғы 24 қарашадағы № 22-VI Заңымен ратификацияланған. Хаттамамен Келісім жаңа 12-1 «Тауарларды өткізу және әкелу кезінде жанама салықтарды қолдану» бабымен толықтырылды.

      Келісімнің 12-1 бабының 1 тармағына сәйкес Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалатын тауарларды өткізу бойынша айналымдарға (операцияларға) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда - нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады. Осындай операцияларды жүзеге асыру кезінде аталған тұлғалардың осы мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген осыған ұқсас тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларға) жүргізуге құқығы бар.

      ҚҚС-тің нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) әкетілетін тауарлар бойынша акциздерді төлеуден босату негізділігі осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттармен расталады.

    Келісімнің 12-1 бабының 1 тармағымен Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады деп бекітілген.

      Сонымен бірге, Келісімнің 12-1 бабының 6 тармағына сәйкес тауарларға қатысты жанама салықтарды қолдану және өндіріп алу және Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарларды әкелу кезінде олардың төлеміне бақылау жүргізу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.

          Осылайша, Хаттамамен Байқоңыр қаласында тіркелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілеріне өзара сауда кезінде тауарларды сату айналымын ҚҚС нөлдік ставкасымен салық салу және акцизделетін тауарларды акцизден босатуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілген.

          Сондай-ақ, Хаттамамен жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану тәртібі анықталған.

       Көрсетілген Келісімге енгізілген өзгерістер Байқоңыр қаласының аумағында тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сату кезінде туындаған келеңсіз, салықтық құқықтық қарым-қатынастарды (с.і мақалада жазылған) реттеу мақсатында енгізілген.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)