Date of publication: 02.06.2017 17:56
Date of changing: 02.06.2017 17:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» науқаны

Орталық коммуникациялар қызметінде  «Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» атты республикалық науқанға арналған брифинг өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кезекті «Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» науқанын өткізуде.

Аталған науқан азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

«Науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауар немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін «Wipon» мобильді қосымша (Googleplay немесе Appstore) арқылы жіберу қажет»,- Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Жамбыл Сұрағанов өз сөзінде атап өтті.

Акция 1-ші мамырда басталды және ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде де ұтысқа салынады.

«Биыл былтырғыдай бас жүлде – автокөлік. Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп түбіртек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі ,- деп өз кезегінде «Атамекен» ҰКП департамент директорының орынбасары  Эльмира Осипова  айтты.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында арнайы комиссиялар құрылады. Олардың құрамы кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын болады.

Былтырғы жылдан бастап науқан толықтай автоматтандырылған және бірыңғай мобильді қосымшаның көмегімен өткізіледі. «Wipon» компания директорының айтуы бойынша, «Wipon» қосымшасы толықтай тегін және қолдануға ыңғайлы. Мысалы, ұтқан жағдайда қатысушының смартфонына автоматты түрде хабарлама келеді.

«Түбіртекті талап ет те  – жүлдені ұтып ал!» науқаны бірнеше рет өткізіліп, оң нәтижелерін беруде. Мәселен, былтыр азаматтардың белсенділігінің арқасында 9 мыңнан астам заңсыз жұмыс істеген жеке кәсіпкер есепке алынды, сондай-ақ 8 мыңнан астам бақылау-кассалық аппарат тіркелді.

Қорытып айтқанда, еліміздің барлық азаматтарымызда қоғамдық бақылауға қатысуға, өз мүдделерін қорғауға, оның үстіне бағалы жүлделер ұтып алуға керемет мүмкіндік бар.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондар: +7 (7172) 70-99-22, 8-701-358-31-97, және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz, n.altaeva@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайлары бойынша хабарласыңыздар.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)