Date of publication: 05.06.2017 19:00
Date of changing: 05.06.2017 19:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді  Қазақстан Республикасы азаматтарының   төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру сұрақтары бойынша семинарға шақырады.

 Іс-шараның мақсаты -   әлеуметтік маңызды заң жобаларын халыққа жеткізу.

Берешегі бар жеке тұлғалардың, сондай- ақ атқару парақтары бойынша борышкерледің   екінші деңгейдегі банктер мен мемлекеттік кірістер органдарындағы банкроттықтың  нақты және түсінікті  рәсімдері әзірленді.

Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР, сіздерді семинарды насихаттауға ат салысуларыңызды сұраймыз!

Өтетін уақыты: 2017 жылдың 6 маусымы, сағат 15.00-де

Өтетін орны: Астана қ., Республика даңғылы, 34, «Жастар» сарайы

БАҚ аккредиттеу мына телефондар мен электрондық мекен-жай арқылы жүргізіледі: +7 (7172) 39-67-76 және : ai.nikambaeva@kgd.gov.kz

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)