Date of publication: 06.06.2017 15:10
Date of changing: 06.06.2017 15:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің,

біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.   Биыл Қазақстан рәміздеріне 25 жыл толып отыр.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның рәміздері әлемге танымал. Олар еліміз үшін мақтаныш сезімін оятып, патриоттық рухты асқақтатады.

2015 жылдың 23 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер ант қабылдайды. Ант қабылдай отырып мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді адал атқаруға және Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға міндеттеледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздеріне 25 жыл толу күнін мерекелеу қарсаңында 2017 жылдың 2 маусымында мемлекеттік қызметке алғаш кірген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының (ары қарай - ОӘО) Ұйымдастыру-қаржы бөлімінің бас маманы Раухан Еділбайқызы  Канапина салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдады.  

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай ОӘО қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнирі ұйымдастырылды. Ерлер арасында бірінші орынды оқу және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы А.Е.Ахметжанов иеленсе, қыздар арасында бірінші орынды қашықтықтан оқыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Г.Т.Асилова иеленді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)