
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Астана қ. әуежайындағы кеден қызметкерлеріне
үздік жұмысы үшін алғыс білдірді
Қытайдан Миланға ұшып келе жатқан «Neos S.p.a» әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқышпен проблемалары болғандықтан, Астана халықаралық әуежайында қонуға мәжбүр боды. Қозғалтқышты ауыстыру үшін жіберілген қосалқы бөлігінің жүкқұжатының қате рәсімделуінен, адресат ретінде «Neos S.p.a» әуекомпанияның орнына «Эйр Астана» көрсетілген, сондықтан жөндеу жұмыстары бірден басталмады.
Астана халықаралық әуежайдағы Астана қаласы бойынша МКД-нің «Ауежай-Астана» кедендік пост қызметкерлері әуекомпания мен әуежайға көмек көрсету үшін бар күшін салды.
Тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген соң ұшақ еш қауіпсіз Миланға ұшып кетті.
«Astana International Airport» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти кеден қызметкерлеріне тиімді әрі жемісті ынтымақтастығы үшін үлкен алғыс білдірді.
- Әуежайдың кеден қызметімен орнатылған ынтымақтастықтың жоғары деңгейі оның үздіксіз жұмыс істеуіне көмектесіп, Астана әуе айлағын жүк тасымалының тиімді орталығы ретінде көрсетіп, оның жоғары имиджін сақтауда»,-деп Паоло Ричиотти атап өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)