Date of publication: 13.06.2017 18:41
Date of changing: 13.06.2017 18:43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Бүгін, 2017 жылдың 13 маусым айында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өткізілген «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жағдайларды жақсарту» атты сессиясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҚР ҰКП арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты салық мәдениетін арттыру, салауатты бәсекелестік ортаны дамыту үшін жағдайлар жасау, кәсіпкерлік ортаның дамуы мен өсуіне, мемлекет бюджетінің кіріс бөлігі мен СЭҚҚ мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша Тараптардың ынтымақтастығы болып табылады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)