Date of publication: 29.06.2017 18:40
Date of changing: 29.06.2017 18:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп 2017 жылдың 1 шілде айында 09.00 сағатта Ақмола облысы Целиноград ауданында «Салық салу және басқа да сұрақтары бойынша» шығаржол кеңесін жүргізеді.

Кеңес жұмыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Аймақтарды талдау және бағалау департаменті бастығының орынбасары, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері, сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары, салықтөлеушілер және басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысады.

Өткізу орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол а. Гагарин к., 12. Целиноград ауданының мәдениет үйі.

БАҚ аккредиттеу мына телефон: +7(7162) 72-11-96/72-12-60/

7(7172) 70-99-22 және akmol.keden@mail.rursharipova@mail.ru электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі.

 

 ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)