Date of publication: 25.05.2015 12:21
Date of changing: 25.05.2015 12:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

25.05.2015ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

29 мамырда сағат 15-00 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) салық және кеден сауаттылығын дамыту мақсатында «1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне орайластырып Комитет және оның аумақтық бөлімшелері қызметшілерінің сияқты, аз қамтылған отбасылардың, ата-ананың қамқорынан айырылған  және т.б.  балалардың арасында өткізген баларал суретінің байқауын (бұдан әрі – Байқау) қорытындылайды.

Бұл байқау 2010 жылдан бері Д.Е. Ерғожиннің бастамасымен өткізіліп келеді және екі кезең бойынша: өңірлік 2015 жылғы 10 сәуірден бастап және республикалық 2015 жылғы 20 мамырдан бастап өтуде.

        Жеңімпаздарды құрамында бейнелеу өнері саласындағы сарапшылары бар құзыретті әді-қазылар алқасының мүшелері іріктейді.

        Құзыретті әді-қазылар алқасы үш жас санаттары: 9 жасқа дейін, 9-12 және 12-16 жасқа дейінгі аралықтары бойынша тоғыз жеңімпазды таңдап алады.

        Жеңімпаздардың жұмысы «Мемлекеттік кірістердің жаршысы» ведомстволық журналында, сондай-ақ Комитеттің ресми порталында орналастырылатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларының жұмыстары Комитеттің ғимаратында 2015 жылғы 8 маусымға дейін ілінетін болады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі